• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысы әкімі ҮИИД бағдарламасы бойынша ашылған кәсіпкерліктерді аралады 16.07.2014

«JLC» ЖШС сүт өңдеу зауытында облыс әкімі өндіріс пен жұмыс жағдайымен танысты. Аталмыш кәсіпкерлік жылына 21,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіреді. Қазіргі таңда ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушысы болып табылады. Бүгінде онда 50-ден астам сүт өнімі түрлері шығарылады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мұнда 38,2 млн теңгенің өнімі шығарылды.   

Сонымен қатар әкім «Темірбетон» ЖШС базасынан шығарылып, салынып жатқан үйдің қаңқасын жылдам салуға қажетті көкшолақ, жабу плиталары, бағаналар, баспалдақтар, желдеткіш блоктары мн өзге де материалдар секілді құрылыс бөліктерін өндіретін үй құрылысы комбинатында болды. Жобаның қуаттылығы жылына 15 000 текше метр темір бетондарын шығаруға жетеді. Қөндіріс көлемі 35 млн теңгеге жетті.

Облыс әкімі экономиканы дамытудағы кәсіпкерліктің маңызын айтып, даму қарқынын арттыруды тапсырды.

«Үй құрылысы комбинаты өнімдерін облыста қолға алынып жатқан барлық құрылыстарда пайдалану керек», - деді өңір басшысы.

 


Back to the list