• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында ҮИИД бағдарламасы аясында асфальтбетон зауыты іске қосылды 15.07.2014

Зауыт Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында орналасқан. Ол оңтүстік астанадағы  «Алматы жол-құрылыс комбинаты» ЖШС – ның филиалы, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Бұл зауыттың бастапқы қуаты сағатына жүз тонна ыстық асфальт пен бетон шығаруға жетеді. Серіктестік басшысы Юнус Ганиев бұл жобаны іске қосуға 625 млн. теңге көлемінде үлкен несие 3 жылға 10 пайыздық мөлшерлемемен берілгенін айтады. Небары алты ай ішінде ашылған зауытта қазір жергілікті 20 адам жұмыс істейді.


Back to the list