10.07.2014
Зауыттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев, Қазақстанда әйнектен өнім өндіретін екі кәсіпорын бар, деп атап өтті.
Шымкентте ашылып жатқан зауыт швейцариялық «Emhart» компаниясының құралдарымен жабдықталған. Тхнологиялық өндіріс толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, өндірілген тауарлардың ішінен сапасы нашарларын анықтайтын арнайы құрылғы да орнатылыпты.
Жаңа өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 70 млн дана өнім, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгінде кәсіпорында 150 адам жұмысқа орналасқан. Жобаны жүзеге асыру барысында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Жалпы мемлекеттік қаржы есебінен инженерлік коммуникация инфрақұрылымы тартылып, несиенің пайыздық үстемақысы субсидияланды.
Айта кетерлік жайт, бұл өндіріс еліміздің әйнек өніміне деген сұранысының 15% қанағаттандырады. Сонымен қатар ол, «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылған осымен 32-ші жоба.