• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мамандарды дайындауды жетілдіру жобасы Парламентке енгізіледі – Н. Назарбаев 02.07.2014

«Біз барынша сұранысқа ие 20 мамандық түрін анықтап, өңірлер бойынша 9 тірек университетті шығардық. Олар аталмыш мамандарды дайындайтын болады. Сонымен қоса арнайы колледждер де жұмыс істейді. Бұл маңызды заң», - дейді Президент.

Оның айтуынша, 323 кәсіби стандарт дайындалды, соның 47-сінде білім беру бағдарламаларын дайындау жүргізілуде.

«Өз деңгейлері бойынша және оқытушыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аталмыш міндеттерді орындайтын 10 университет пен 9 колледж таңдалып алынды. Аталмыш оқу орындары үшін жекелеген даму бағдарламалары дайындалуда, оларды бақылау керек. Менің төрағалығымен өтетін мамандарды дайындаудың ұлттық кеңесінің отырысында бұл мәселені жан-жақты қараймыз», - дейді Н.Назарбаев.

Оның пікірінше, аталмыш заң жобасы қыркүйкте Парламентке ұсынылады.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list