02.07.2014
«Индустрияландыру қарқынын үдете түсу бізге ауадай қажет. Біз барынша максималды түрде өндірістік қуатымызды жаңғыртып, индустриялды державаға айналуымыз керек. Шикізатқа тәуелділіктен құтылған жөн. Еліміздің алдында осындай үлкен міндет жүктелген», - дейді Елбасы.
Оның айтуынша, Қазақстан бірінші бесжылдықта елдің шағын және орта бизнесіне қуат берген экономика бағыттарына маңыз берді.
«Екінші бесжылдық өнеркәсіпті стратегиялық бақылау түрінде жүзеге асырылатын болады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 6,6 трлн теңгені құрайды. соның ішінде 90 пайызы жеке инвестиция болмақ. Ол үшін барлық үкімет болып жақсы жұмыс істеу керек. Бұл біздің 2019 жылға қарай 2012 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте мынадай жетістіктерге жетуімізге мүмкіндік береді. Біріншіден, өндірілетін өнім көлемінің артуы 43% құрайды», - дейді.
Сонымен қатар, Президент еңбек өнімділігінің 4,5 есеге артатынын айтып, 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді.
Мадина Нұрбекова