• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасы Индустрияландыру картасының жаңа жобаларын іске қосты 02.07.2014

«Біз бүгін 20 жобаны іске қостық. Бұл аз көрсеткіш емес, бірақ Қазақстан үлкен. Экономиканы шикізаттытан индустриялды-инновациялық салаға өткізу  үшін бізге білек сыбана жұмыс істеу қажет.Егер де біз 30 дамыған ел қатарына ену үшін өнімді қарқынды шығаратын кәсіпорындар қажет», - деді Елбасы.

Атап айтатын болсақ, Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы тұрғын үй құрылысы комбинатын,Көкшетаудағы қоспажем зауытын,Қарағанды облысындағы Шар крандарын және жапқыш арматураны дайындайтын зауытын, Павлодар облысында орналасқан Шарпрокат орнағын шығаратын «KSP Steel» ЖШС-і жұмысын, Нұрсұлтан Назарбаев Ерейментаудағы жел электр станциясын, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан энергетикалық қазандық жабдығын шығару өндірісін іске қосты.

Сондай-ақ, Семейдегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр желілерінің құрылысын іске қосуға «онлайн» режимінде рұқсат берді,Семей-Алматы учаскесінің бірінші тірегін орнату басталды, ұзындығы – 1500 км. Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында қуаты 500 кВт үш негізгі станция мен 1500 км электр желісі пайдалануға беріледі. Осы жобаның арқасында Солтүстік-Оңтүстік транзиті күшейтіліп, оңтүстік өңірдің электр энергиясына сұранысы қамтамасыз етіледі.

Мадина Нұрбекова 

 


Back to the list