02.07.2014
«Екінші бесжылдық үшін қаржылық қолдау көрсету және өндірістік компаниялар мен жеке секторды дамытуға бағытталған, яғни банктік саланы сауықтыруға жаңа инвестиция тартып, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті кеңейту жоспарланған. Заңнамалық база дайын. Ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап, шетелдік инвесторлар және халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді жұмыс жүргізіле бастайды», - деді ол.
Жалпы, 6,6 трлн теңге инвестиция көлемі ҮИИД МБ -2 бағдарламасына бағытталады. 6 трлн теңгені квазимемлекеттік және жеке меншік сектор үлесінен тарту көзделген.
«Бюджеттік қаржыландыру 650 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1 трлн теңгесі Ұлттық қор есебінен. Осындай тәсілмен 1мемлекеттік инвестицияға 4 жеке меншік инвестиция тарту көзделген», - деді Е. Досаев.
Мадина Нұрбекова