• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҮИИД МБ экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұруға мүмкіндік берді – Е.Досаев 02.07.2014

«2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы сіздің берген экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру тапсырмасын іске асырудың бастамасы болды. Бірінші бесжылдық базалық саланы, өңдеуші өнеркәсіпті, көлік және энергия инфрақұрылымын, шағын және орта бизнесті қамти отырып экономика салаларының кең спектрін дамытуға бағытталды», - дейді Е.Досаев.

Оның айтуынша, Бағдарлама экономика өсімінің оң қарқынын сақтауға, дағдарысқа қарсы құрал ретінде әлемдік қаржы дағдарысы кезінде өндіріс және жұмыспен қамтуды тоқтатпауға мүмкіндік берді.  

«Мемлекеттік бағдарламаның қаржылық қаматамасыз етуі мақсатында 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін 3,7 трлн теңге бөлінді. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға 2,4 трлн теңге жеке инвестиция тартылды», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list