02.07.2014
Елбасы жиын барысында дуальдық оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін мұнайгаз саласының кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі Атырау қ. өңіраралық кәсіби орталық, Кәсіпорындарды іріктеу жүріп жатқан Алматы қ. Индустриялық аймақ, Мемлекеттік қолдау алған ШОБ объектілері, БҚО-дағы Ақсай индустриялық паркі ,сондай-ақ, қуаты 45 МВт Ерейментаудағы өнеркәсіптік жел паркінің құрылысы барысымен танысады, деп ведомствода хабарлады.
Президент сондай-ақ, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портты және Семей қ. «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр беру желілерін (Семей-Алматы телімінің бірінші тірегін орнату) салуға «онлайн» режимінде рұқсат береді.
Мемлекет басшысына адамзаттық капитал саласының дамуы (білім беру, денсаулық сақтау, ҮИИД МБ кадрлық және ғылыми қамту) жаңа технологияларды енгізу, қазақстандық қамту үлесін көбейту, елдің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Индустрияландыру картасы шеберінде 21 жоба пайдалануға берілгенін және 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылғанын атап өту қажет.
Екінші жарты жылдықта шамамен 100 жоба пайдалануға беріліп, 8 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.