08.06.2014
«Өңірде Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 38,2 млрд теңге болатын 31 жоба қамтылған. Соның ішінде 26,6 млрд теңгелік 28-і енгізілді», - дейді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.
Аталмыш кәсіпкерліктер жұмысы тек өткен жылдың өзінде 20 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік берді. Бұл жалпы өңірдегі өндеркәсіптік өндірістің 13%-ын құрайды», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Биыл облыстағы жалпы өнеркәсіптік өндірістегі жобалардың үлес салмағы 14,6%-ға дейін өсіп, ал өңдеуші өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 20,6% артты.