• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында таяуда  натрий цианиді өндірілетін болады 06.06.2014

Жамбыл облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жұмыс сапарында облыс басшысы натрий цианидін өндіретін зауыттың құрылысымен танысты.

Өздеріңізге де белгілі, «Talas Investment Company» ЖШС нысан құрылысын 2012 жылдан бастап салып келеді. Жобаның жалпы құны шамамен 12,9 млрд теңге.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, мұнда жылына 15 мың тонна цианид натрийін өндіру жоспарланған. Ал ондағы тұрақты жұмыскерлер саны 500 адамды құрамақ.  

Болжам бойынша, өнім ТМД елдеріне, соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзірбайжанға тасымалданбақ.

Сонымен қатар, өңір басшысы Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың жай-күйіне де тоқталып, күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үй мен жаңа нысандарды аралады.


Back to the list