05.06.2014
«ҮИИД МБ жүзеге асырылғалы бері жеңіл өнеркәсіп саласында 15 кәсіпкерлік ашылып, биылғы жылдың соңына дейін оған тағы 4-еуі қосылмақ», - дейді Б.Қасымбеков.
Комитет төрағасының айтуынша, жеңіл өнеркәсіпте 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік жұмыс істейді. Соның 97%-ы шағын және орта кәсіпкерлік. Ондағы жұмыскерлер саны 12 мыңнан асып жығылады. Негізінен ондағы қызметкер әйелдер.
«Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің шығаратын өнімінің 51%-ы текстильді бұйымдар болса, 42%-ы киімдерге, ал 7%-ы былғары мен оған қатысты өнімдерге тиесілі», - дейді Б.Қасымбеков.
Оның айтуынша, 2008-2013 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдер экспорты құндық мәнде 2,4 есеге өсті (39,3 млн. АҚШ долларынан 95 млн. АҚШ долларына дейін).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының текстильді саласының шикізаттық базасы мақта мен жүн екені анық.