• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Индустрияландыру картасы бойынша Алматы облысында 5 жоба іске асады 05.06.2014

Алматы облысындағы кәсіпкерліктердің қандай қолдауға ие болатынын Өңірлік үйлестіру кеңесі шешеді. Биыл Индустрияландыру картасы бойынша Алматы облысында 5 жоба іске асырылмақ. Олардың арасында фармацевтикалық зауыт пен құс фабрикасы бар. 2015 жылы тағы 2 жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды palata.kz сайты.

Алматы облысы – аграрлы аймақ. Өңірде өндірілген өнімнің шамамен 80%-ы сыртқа сатылады.

ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, заманауи жылыжай технологиясының базасында көкөніс кластері құрылмақ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 5-6 позиция бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттемесін алға қойып отыр. Бұны Алматы облысының орындауына да ешқандай кедергі байқалмайды.  

Сонымен қатар, жиында өңірлік кәсіпкерлерге ҰКП төрағасы мемлекеттік билікпен тығыз қарым-қатынас жасап, облыстық әкімдік жанындағы кеңес органдары жұмысына араласуды тапсырды. Жергілікті билік пен кәсіпкерлік арасындағы диалог әріптестік сипат алуы керек.


Back to the list