• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында 2014 жылы 200 млрд теңгенің 10 инвестжобасы жүзеге асады 04.06.2014

2014 жылы Ақтөбе облысында жалпы құны 200,0 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көзделген, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыста еліміздің Индустриялық картасына енген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған жалпы құны 574,9 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба енген еді. Бұл - құрылыс кезеңінде 7,9 мың, ал пайдалануға берген кезеңде 9,9 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылатын нысандар. Бұл нысандардың жобалық қуатқа сай жұмыс жасауы атқарушы биліктің ұдайы бақылауында ұсталуда. Биыл аймақта жалпы құны 200,0 миллиард теңге болатындай 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Соның ішінде 3 жоба бұған дейін Индустриялық картаға енген болатын», - деді Марат Балмұханов.  

Индустриялық картаға енген үш жобаның қатарында «Ақтөбе-Жылыжай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Иелігінде 3 гектар аумақты қамтитын жылыжай кешені бар серіктестікте жылына 1500 тонна өнім өндіріледі. 


Back to the list