• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИЖТМ мен  ҰКП  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 30.05.2014

Тараптар мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және іске асыру, тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық үлесті ұлғайту, отандық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерінде күш-жігерлерін біріктіруге ниеттенуде, деп индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде хабарлады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдықтарын қоса алғанда, елдің энергетика, индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы бағдарламалық құжаттарды және туризм, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуды көздейтін құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру болжануда.

 


Back to the list