22.05.2014
«2010 жылдан бастап біз ҮИИД МБ-1 іске асыра бастадық. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина құрылысы өнімінің көлемі 850 млрд теңгені құрап, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн 100 млрд теңгеге жетеді деп күтудеміз», - дейді М.Пішембаев.
Оның айтуынша, бұл машина құрылысы, транспорттық машина құрылысы, мұнай-газ машина құрылысы, тау-кен рудасы, ауыл шаруашылығы, энергетикалық жән өзге де салалардың арқсында мүмкін болып отыр.
«Қазақстанда машина жасау саласының өндірісіне барлық жағдай жасалған. Біздің елде саланың іргетасы берік қаланған. Нәтижесінде бүгінде елде тепловоз бен электровоздар шығарылады. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында машина жасау секторы алдағы қарқынды дамуына айтарлықтай алғышарт қалыптастырды», - дейді ол.
«Қазіргі таңда біздегі жүздеген кәсіпкерліктер индустрияландырудың екінші бесжылдығына біртіндеп өтіп жатыр. Енді біз екінші кезеңде өндіріс көлемін еселеп арттырамыз», - дейді М.Пішембаев.
Мадина Нұрбекова