22.05.2014
«Соңғы 4 жылда өндірісті қолдаудың саясаты өнімнің не екенін жете түсініп, технологияларды пайдалана отырып дүние жүзін шарлап шыққан нақты өндіріспен айналысатын кәсіпкерлердің бірқатарына әсер ете бастады.Сол себепті біз «Атамекен» және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен екінші бесжылдықта әріптестік қағидаларына келістік», - дейді А.Праздничных.
Оның айтуынша, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында жүйелі шаралардан бөлек министрліктің жауапкершілігіндегі барлық бастамаларға мониторинг жүргізіледі.
«Енді Үкімет инвестициялық келісімнің ірі жобаларын қолға алып, кейбір міндеттемелерді мойнына алады: жол салу, несие беру, зертхана салу секілді. Сонымен қатар, Үкімет тек өз құзіретіндегі мәселелерге ғана жауап береді. Ал өнім сапасына кәсіпкерлік жауап береді», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова