22.05.2014
«Біз басым салалар санын қысқарттық. Өңдеуші өнеркәсіп түрлері бойынша 6 сала дайындалып, соның ішінде 14 сектор айқындалды. Бұл өз кезегінде нақты нәтижелерге мемлекеттің қолдауына жағдай жасайды», - дейді министр.
Оның айтуынша, басым секторларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады.
«Бірінші кезең – сараптама үшін салалық секторлардың тізімін құру, екіншісі – осы секторларды бағалау үшін факторларды іріктеу, үшінші кезең- қалыптамалық сараптама мен басым секторлардың тізімін құру», - дейді ол.
Тағы бір талап – Қазақстанда салалық өнімдердің болуы.
«Осы сараптама нәтижесінде 41 салалық сектор алынып, олар бірінші кезеңнен өтті», - дейді Ә.Исекешев.
Оның айтуынша, түрлі сараптамалық бағалауларды өткізгеннен кейін және үш топ сараптамасынан кейін дамудың жоғары әлеуетіне ие 14 басым сектор анықталды.
Өнеркәсіптің 6 саласына қара металлургия, түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, тамақ өнеркәсібі өнімі, агрохимия, автотранспорттық құралдар мен қосалқы бөлшектер өндірісі, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі, тау-кен өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндірісі машинасының құрылғылары кіреді.
Мадина Нұрбекова