22.05.2014
«Мемлекет басшысы айқындаған саясаттың негізгі элементтерінің бірі тұрақты даму мен әртараптандыруға бағытталған. Төрт топ секторы бойынша алға ілгерілейтін боламыз. Біріншісі – шиікзаттық сектор тобы. Бірінші кезекте ол мұнай-газ секторы, тау-кен рудасы мен ауыл шаруашылығы. Бұл секторлардың мақсаты – макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету», - дейді Ә.Исекешев.
Салалардың екінші тобы, министрдің айтуынша, нарықтық бейімделген сектор.
«Бірінші кезекте, өңдеуші өнеркәсіп саласы. Бұл өз кезегінде ҮИИД-2 бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Ондағы мақсат технологиялық құзіреттік пен қосымша құн өсімі», - дейді ол.
Үшінші топ – инновациялық және болашақ экономика секторлары.
«Атап айтар болсақ олар IT-технология, жаңа экономика, жаңа материалдар мен 15-20 жылдан кейін сұранысқа ие болатын салалар», - дейді министр.
«Алғашқы үш топтың өндірістік өнімділікті арттыра отырып жұмыспен қамту ауқымын кеңейтпесе, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ секторында керісінше қысқартулар болмақ. Сол себепті жаңа жұмыс орнын ашу міндеттемесі туризм мен ШОБ салаларына тиесілі болмақ», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық бағдарламасының екінші бесжылдығы тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Ол үшін Үкімет басшысы төрағалығымен Басқарушы комитет құрылды. Оның құрамында жұмыс штабы мен 4 топ бар: «Салалар мен кластерлер»; «Өңірлік дамуға өндірістік күшті орналастыру»; «Қаржы жүйесінің дамуы. ҮИИД МБ-2 қаржыландыру моделі»; «Өндірістік саясат құралдары мен оны іске асыру механизмі».
Ә.Исекешевтің мәліметінше, тұжырымдама осы жылдың соңына дейін қабылдануы қажет. Келер жылдың мамыр айында 2015-2019 жылдарға арналған Жаңа индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасы мақұлданады.
Мадина Нұрбекова