• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Индустрияландырудың жаңа бағдарламасын дайындауға ҰКП белсенді қатысады – Ә. Исекешев 17.05.2014

«Индустрияландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белсенді араласатын болады. Өңірлік мамандандыру  мен жеке шетел инвестициясына көңіл бөлу басты фактор болып есептеледі», - деді Ә. Исекешев.

Ә. Исекешевтің айтуынша, индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыруда  екі  деңгейдегі мақсатты индикаторлар анықталды.

«Екінші бесжылдық бағдарламасы бірінші бесжылдықтың заңды жалғасы. Сонымен қатар, айырмашылықтар да жоқ емес. Біріншіде өңдеуші өнеркәсіптің басты алты саласының фокусы болды. Бұрындары онда он алты сала болатын. Және де кәсіпкерлікті, аумақ пен салаларды қолдаудың үш нысаны айқындалған. Алғаш рет жүйелі кластерлер қабылданып, үш түрлі кластер қабылданады», -дейді ол.

Вице-премьер сонымен қатар, қолда бар бағдарламаға қарағанда бірыңғай мемлекеттік бағдарлама анықталып, Президенттің Қаулысымен мақұлданады. «Салалық ешқандай бағдарлама мен өзге де құжаттар шығарылмайды, барлығы бір жерде топтастырады», -дейді Ә.Исекешев. 

Камила Амирова


Back to the list