• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҮИИД жаңа бағдарламасы  стратегиясындағы қаржы ресурстарының саны мақұлданды- Қ. Бішімбаев 17.05.2014

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің директорлар  кеңесі жақында 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.

«Бүгінде стратегияда 6,6 трлн теңге көлемінде қаржы ресурстарының сұранысы   мақұлданды. Бұл қаражаттың барлығы мемлекеттік қаражаттан, республикалық   бюджеттен бөлінбек. Оның мультипликаторы мемлкееттік қолдау немесе мемлекеттік   инвестиция стратегиясында қамтылған. 

Жоспар  бойынша, 3 - 3,5 теңге көлеміндегі шетелдік қаржы көздерінен жеке инвестициятарта аламыз», - дейді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінде холдингтің басты стратегиялық міндеттемесі –экономиканың әртараптандырылуы.

«Бұл экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторды дамыту, бірінші  кезекте өңдеуші өнеркәсіп  бойынша Үкіметтің шараларына қолдау көрсету.Сонымен қатар, бұл экспортты қолдау, экономиканың инновациялық белсенділігін арттыру мен шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету», - дейді ол.

Мадина Нұрбекова


Back to the list