17.05.2014
Бүгін Үкімет отырысында экономиканы дамытудың маңызды сұрақтары талқыланды, оның ішінде индустрияландырудың екінші бесжылдығы да бар.
«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы Президенттің 30 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыруға бағытталған. Екінші бесжылдық ағымдағы жылы аяқталмақ. Оған қоса Қазақстан үшін жаңа міндеттер қойылады, сыртқы тәртіптер өзгерді.Шығын нарығы мен инвестиция бәсекелестігі өсуде. Екіншіден, геосаяси қауіптер пайда болуда», - деді А. Исекешев.
Оның айтуынша, бағдарламада жаһандық трендер ескерілді, оның ішінде жаһандану, халықаралық шектеулер мен интеграциялық үрдістер де бар.
«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы Үкіметтің жаңа құрылымдық саясатының аясында жүзеге асады. 4 секторды дамытуға ден қойылады. 1- шикізат секторы, ол макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, 2-өндіріс өнеркәсібі, өсім сапасын қамтамасыз етеді», - деді ИЖТМ басшысы.
Үшіншіден, Ә. Исекешев атап өткендей, инновациялық секторлар. «Сондай-ақ, өнеркәсіптік өсім негізінде адамдарды жұмыспен қамтитын сектор дамиды», - деді ол.
Камила Амирова