14.05.2014
«Индустриаландыру картасының енгізілген жобалары жалпы 2,8 трлн астам теңгеге өнім шығарды, оның ішінде 2013 жылы - 1,2 трлн теңге немесе өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінен 6,5%», - деді Б. Сұлтанов.
Ол сондай-ақ Карта жобаларының 2013 жылға ЖІӨ өсіміне үлесі 0,8 пайыздық тармақты құрағанын атап өтті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы 4 жылда Индустриаландыру картасы аясында жалпы 2,4 трлн теңге сомаға 651 жоба енгізілді, 67 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл кәсіпорындардың өнімдерін экспорттау бұл кезеңде 113 млрд теңгеге жетті.