14.04.2014
«Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жасақтау аяқталады», - деді Е. Досаев.
Министрдің ақпараты бойынша, 2014 жылы ҮИИД МБ қаржылай қамтамасыз ету мақсатында 150 млрд. теңге бөлінеді.
«Осындай әлеуетті бағдарламалар тізімі 2014 жылдың 1 маусымына дейін жасақталады»,- деп Е. Досаев атап өтті.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қалданыстағы келісімшарттарды сақтап қалу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа Орталық Азия аясындағы біздің көршілерімізге, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық экспорттық тауарды жеткізу бойынша жаңа келісімдерге отыру және іздестіру жұмыстары да жүргізіледі.