• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында ҮИИД МБ бойынша 302 млрд теңгенің 70 жобасы жүзеге асты 14.04.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. 2013 жылы 115,1 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылды, соның ішінде «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жылына 440,0 мың тонна жоғары көміртекті ферроқорытпа өндіретін жаңа ферроқорытпа зауытының (№4 цех) құрылысы маңызды жобалардың бірі болып табылады.

2014 жылы 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны - 200 млрд. теңге. Байланысқа бірінші болып шыққан ақтөбеліктер - олардың арасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ,«АГРАН» және «Стройдеталь» ЖШС мамандары мен жұмысшылары бар - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жаңа ғимаратында жиналды.

«Ақтөбе облысында соңғы 4 жылдың ішінде жалпы құны 301,8 миллиард теңге болатын 70 жоба іске асырылып, 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, - деп атап өтті.

Облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді», - облыс әкімінің бірінші орынбасары  Нұрмұхамбет Әбдібеков

 

 

 


Back to the list