08.04.2014
«Шетелдік инвесторларды тарту бойынша тапсырма «Самұрұқ-Қазына» қорымен қадағаланады. Біздің компания ірі халықаралық компаниялардың қатысуымен бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. Олардың ішінде нәтижелілерінің бірі Балхаштық ЖЭС құрылысы болып табылады. Аталмыш жоба кореялық Samsung C&T және KEPCO концорциуымымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба ҮИИД бағдарламасының жобасы, ол оңтүстік өңірді ұзақмерзімге электр энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді А. Сәтқалиев.
Оның айтуынша, станцияда көмірді жағу бойынша және газ тазартатын құралдардың алдыңғы қатарлы техникасы пайдаланатын болғандықтан Балқаштық ЖЭС-ның қоршаған ортаға тигізер залалы жоқ. Сонымен қатар, техникалық құралдардың ҚР-ның табиғатты қорғау нормативтері мен Еуроодақтың стандарттарын қамтамасыз етуге әлеуеті жетерлік.
Бұдан басқа ол, жобада түрлі тазартқыш құралдар мен станция жүйесінде ағынды суларды екінші рет қайта пайдалану, іріктеуге қарсы шаралар, ластанған сулардың Балхаш өзеніне түспеуі қарастырылған, деп атап өтті.
Сонымен қатар, балық шаруашылығы үшін балық көшеттілігінің құрылысы есепке алынған өтемақылы шаралар да жоспарланғанын тілге тиек етті.