• usd +1.15%
    434.84
  • eur +0.80%
    498.2
  • rub -0.09%
    5.72
  • gbp +1.50%
    597.17
  • cny +0.24%
    68.47
Қостанай облысы ҮИИД МБ аясында 76 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлауда 15.12.2012

«Қостанай облысының Индустрияландыру картасында 76 нысан бар. Инвестицияның жалпы көлемі 367,5 млрд теңге және 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Оның 23 жобасы индустрия саласына қатысты, құны – 330 млрд теңге, 53-і – агроөнеркәсіп кешенінің жобасы, құны – 37,5 млрд теңге», – деді ол. 

Оның айтуынша, соңғы екі жылда сомасы 41 млрд теңге болатын 38 нысан енгізілген. 

«Жалпы, кәсіпорындарда 2000 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған, 26 млрд теңгеге өнім шығарылды. Өнеркәсіптік кәсіпорын көлемінде осы кәсіпорындардың үлесі 6,5%-ды, ал өңдеуші өнеркәсіпте – 18,2%-ды құрады», – деді Н.Сәдуақасов.  


Back to the list