• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында 2015 жылы 6 мектеп ашылады (Брифинг бейнебаяны) 12.09.2014

«Үш ауысымда білім беретін оқу ордалары мен апаттық жағдайдағы мектептердің проблемаларын шешу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 11 мектептің құрылысына қаржы бөлінді, оның ішінде 5 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. 2015 жылы қалған 6 мектептің құрылысы аяқталатын болады», - деді ол.

2014 жылы білім беру саласындағы 62 нысанға күрделі жөндеу жүргізуге 1,3 млрд. теңге бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 250,0 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, шеберханалар мен лабораторияларды жарақтандыру үшін жергілікті бюджет есебінен 100,0 млн.теңге жабдықтар алынуда.

«Балаларды мектепке дейінгі қамту 1 жастан 6 жасқа дейінгі аралықта 63,3% (республикада- 48,4%), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 85,4%  құрайды (республикада - 72,5%). Облыстың көрсеткіштері республика бойынша орташа көрсеткіштерге қарағанда елеулі түрде жоғары, сонымен бірге балалар бақшаларындағы орын жетіспеушілігімен жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да шешімін таба беретін болады», - деп атап өтті А. Мұхамбетов.

Ағымдағы жылы 640 орындық болатын 2 балалар бақшасы қатарға қосылады. 

Индира Қауметова 

 


Back to the list