02.09.2014
Жаңа оқу жылында олардың саны 15 мектеппен 6 колледжге артады. Ал, интерактивті тақтамен қамтылған мектептің үлесі 93% көрсетті.
Сонымен қатар, аймақта 8 лицей, 7 гимназия жұмыс істейді,онда барлығы 7984 бала білім алуда. Бұдан басқа 49 мектепте гимназиялық және лицейлік сыныптар бар, ал 73 мектепте түрлі пәндер тереңдетіліп оқытылады.
2011 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 25 мультимедиялық-лингафонды сыныптар, 50 химия сыныбы сатып алынды. Ағымдағы жылы қосымша 8 химия кабинеті алынды.
«Компьтерлік паркті жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен үш жыл бойы 650 млн теңге бөлу жоспарланған. Өткен және осы жылы 250 млн теңгеге 224 компьютер сыныптары сатып алынды. Бұл жұмыс 2015жылы да жалғасатын болады», - делінген хабарламада.