• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында жаңа мектеп ашылды 01.09.2014

Үш қабатты оқу ғимараты 4 блоктан тұрады. №13 мектепте 46 кабинет, спорт залы, акт залы бар. Ал асханасы 140 кісіге арналған. Сонымен қатар 6 компьютерлік класс және бар. Тағы 14 интерактивті тақта орнатылған. Қазіргі таңда 1249 оқушы қабылданып, 42 сынып жасақталды.

Алматы облысы әкімі Амандық Батталов оқушыларды, ата-анеалар мен оқытушыларды құттықтай келе, 2005 жылы білім беру саласына 28 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіштің 105 млрд-қа көбейгенін айтты. Сонымен қатар жыл санап облыстың оқу орындарындағы материалдық-техникалық базасының жақсарып келе жатқанын айтты.

«Жаңа мектеп Мемлекет басшысының үш ауысымды мектеп мәселесін шешу тапсырмасына сай салынған. Нысанның сметалық құны 1 млрд 200 млн теңге. Онда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған», - деді әкім. 


Back to the list