01.09.2014
«Апатты мектептер қатары жыл сайын азайып келеді. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу нәтижесінде апатты мектептер 4-ке дейін (жалпы мектептер санының 0,9 азайтылды», - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында, республикалық бюджет есебінен 1920 орынды 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 4830 орындық 11 мектепке, оның ішінде республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 3937,1 млн.теңгені құрайтын 2820 орындық 5 мектеп және жергілікті бюджет есебінен 3218,8 млн.теңгені құрайтын 2010 орынды 6 мектепке құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Облыс бойынша 3 жылда жалпы сомасы 4924,6 мың теңгені құрайтын 215 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.