26.08.2014
Сонымен қатар, биылғы жылдың қазан айында 4700 орындық тағы 4 мектептің құрылысы аяқталмақ.
Елордада бұдан бөлек 2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтитын «Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Аталмыш бағдарламаның басты индикаторларының бірі 5-6 жастағы балалар болып табылады.
«2014-2015 оқу жылында Астананың білім беру кеңістігінде 111 сынақ алаңы жұмыс істейді. Соның ішінде 58-і республикалық деңгейдегі, 53-і қалалық деңгейде. Барлық сынақ алаңдары оқыту-тәрбиелеу процестерінің сапасын арттыруға, оқытудағы тиімділікті арттыруға бағытталған», - делінген хабарламада.