22.08.2014
«Жоспар бойынша, балабақшаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін жоғарғы деңгейдегі заңнамалық тұрғыда реттелмек. Ол үшін қыркүйекте заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын болады», - дейді вице-премьер.
Сонымен қатар, оның айтуынша, білім берудің 12 жылдық пішініне өту аясында оқыту бағдарламасының мазмұнына түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. «Алдағы уақытта, күзде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12 жылдық білім беруге өту стандарттарын барлық тараптармен мақұлданған келісімін енгізуі керек», - дейді.
Жаңа шарттарда жұмыс істеу үшін педагогтарды жаңа сапалы деңгейде дайындап, ұстаздар жаңа педагогикалық техникаларды меңгеруі қажет, дейді Үкімет басшысының орынбасары.
Кәсіби даму үшін біліктілік арттыру орталықтары құрылып, дайындау жүйесі жетілдіріліп, педагог мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау орталықтары Кэмбридж университетімен бірлесіп құрылды. Біліктілік игерудің үш деңгейлі жүйесі енгізілді.
Жалпы, білім беру жүйесінде 11 856 ұстаз еңбек етуде. Соның ішінде жоғарғы және бірінші деңгейдегі ұстаздардың үлесі 55%.
Камила Амирова