• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Білім министрлігі 2016 жылға қарсы  мектепке дейінгі білім бағдарламасын қайта қарайды 21.08.2014

 «Барлық білім саласының негізі - мектепке дейінгі білім саласы болып табылады. «Балапан» бағдарламасы шеңберіне республика бойынша мектепке дейінгі мекемелердің саны екі есе артты. Бүгінгі таңда 709 мың бүлдіршін 9 мыңнан астам мектепке дейінгі мекемеге барады. Жалпы, балаларды балабақшамен қамту дейгейі республика бойынша 73,4% құрады», - деді министр.

2016 жылға дейін баланы дамыту мектепке дейінгі білім саласының оқыту бағдарламалары қайта қаралатын болады. 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі біліммен толығымен қамту көзделген.

«Бұл мақсатта басты міндеттердің бірі мамандарды даярлау», - деп есептейді БҒМ басшысы.

Осыған дейін хабарланғандай, 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 47,9% құраса, 3 жастан 6 жасқа дейін  («Балапан» бағдарламасы бойынша) - 62,6% құрады. Сонымен қатар, мектеп алды даярлықпен 25 шағын орталық бүлдіршіндердің 94% қамтыды.

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы сыйымдылығы 2 мың орынға жуық 8 мектепке дейінгі нысанның құрылысы жүргізілуде.

Камила Амирова


Back to the list