• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында жаппай оқуға 36 млн теңгеден астам қаржы бөлінді 19.08.2014

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, олардың ішінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларды сауықтыру үшін жаз мезгілінде 7 млн 218 мың теңге бөлінді. Жалпы оқу мәселесін шешу жолында ауданда тамақтану мәселесі басты назарда. 2014 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың тегін тамақтануы үшін жергілікті бюджеттен 26 млн теңге берілді.

Бұдан басқа, соңғы 3 жылда 188 оқушыны мектепке жеткізу үшін 6 мектеп автобусы мен 2 Газель автокөлігі сатып алынды, ал 2014 жылдың наурыз айында тағы да  3 мектеп автбусы алынды.

Хабарда атап өтілгендей, ауданның оқушылары оқулықтармен 100% тегін қамтамасыз етілді. 2014 жылы 3,5,10 сыныптарға оқулықтар қайта шығарылады және оларды сатып алуға 19 млн  теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.


Back to the list