19.06.2014
«ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен отырыста тіл курстарының жаңа үлгісін жасақтау мәселесі талқыланған болатын. Қазіргі таңда біз қысқамерзімге шет мемлекетке тіл үйренуге жібереміз. Жеңілдіктері бар топтағылар - мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері, ғылыми-педагогикалық саланың мамандары шет мемлекетке тіл үйренуге 18 айға жіберіледі. Ал, келер жылдан бастап біз тіл үйрену курстарын Қазақстанда Назарбаев университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «6+6» жаңа үлгісін ұйымдастырмақшымыз», - деді Ғ. Нығыметов.
Сала маманы атап өткендей, бағдарлама бойынша білім алушылар 6 ай Қазақстанда ағылшын тілін үйренсе, 6 ай ағылшын тілі ортасында шетелде тіл білімін жетілдіреді.
«Осылайша біз тіл үйренуге кеткен шығынды азайтып, тиімділігін арттырамыз», - деп Ғ.Нығыметов түсіндірді.
Мадина Нұрбекова