• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҒМ: ҰБТ-да тыйым салынған 55 мың зат тәркіленді (Брифинг бейнебаяны) 16.06.2014

«Тәркіленген заттардың жартысы тестке кірер алдындағы тексеру барысында алынса, қалған жартысы, шамамен 29 мыңы тест барысында алынды. Жалпы тәркіленген заттардың 27135 мыңы  ұялы телефон, 19,5 мыңнан артық шпаргалка, 1 мыңнан астам калькулятор, 133 фотоаппарат, 27 рация, 2 флеш карта, 2 қол сканері мен өзге де заттар табылды. Бірнеше рет тәртіп бұзған 29 талапркер аудиториядан шығарылды», - дейді министр.

Оның айтуынша, талапкерлер арасында түрлі инновациялық құралдарды пайдалану бойынша өзара бәсекелестіктің бары рас.

«Сол себепті оқушылар мен ата-аналарға ҰБТ-ны өз білімдерімен әділ тапсыруларын ұсынар едім. Тыйым салынған түрлі заттарды қоданудың ешқандай да көмегі болмайтынын бүгінге дейінгі тәжірибе көрсетті. Шын жетісіткке жету үшін ерте кезден дайындалу қажет», - дейді бас ұстаз. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list