• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
А. Сәрінжіпов: 2015 жылы ҰБТ жеңілдетіледі 16.06.2014

«Қазір біз айналысып жатқан ең басты бағыт білім саласының жаңғыруы мен жетілуі, демек, орта білім бағдарламасының сақталуы. Біз ҰБТ-ны  талапкерлерге стресс әкелмейтін жағдайға дейін жеткізуді қарастырып жатырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, қазір ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.

«Басты тапсырмалардың бірі – талапкерлер мен түлектерге тесті жеңілдету, яғни стресстік жағдайға дейін жеткізбеуге тырысу. Ендігі оқу жылында біз бастапқы сыныптан  жоғары сыныпқа  дейін жаңа жүйе енегізетін боламыз. Стандарттағы өзгерістер халықаралық тәжірибені назарға алатын болады», - деді ол.

Жалпы, министр атап өткендей, білім министрлігі ұсынғаннан кейін ұсыныстар  Үкіметте таныстырылады, содан соң тәжірибеге енгізіледі.

Мадина Нұрбекова


Back to the list