16.06.2014
«Соңғы үш жылда таңдау пәндерінің ішінде физика мен биологияны таңдаушы түлектердің саны артып келеді. Талапкерлердің техникалық пәнге деген қызығушылықтарының артуы қуанышты-ақ. Бұл дегеніңіз аз уақыттың ішінде елімізде жаратылыстану бағытындағы мамандардың көбейетініне дәлел», - дейді министр.
Оның айтуынша, түлектердің шамамен 30%-ы биология мен физиканы таңдайтын көрінеді.
Министрдің айтуынша, соңғы уақыттарда қазақстандық мектептер «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға көптеп көңіл аударуда. Сәрінжіповтың сөзіне сүйенсек, биыл аталмыш белгіні қорғап шыққан талапкерлер саны 8%-ға артқан.
«Биылғы жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, мектептер «Алтын белгі» үміткерлеріне ерекше жағдай жасап, көбірек көңіл аударуда. Нәтижесінде белгіні қорғап шыққан оқушылар саны да артуда. Жалпы, үміткерлер саны 4500-ден 4300-ге дейін азайды», - деді ол.
Мадина Нұрбекова