• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰБТ нәтижесі қала мен ауыл арасында 10 балл айырмашылық сақталғанын көрсетті – А.Сәрінжіпов 16.06.2014

«Облыстарды жеке-жеке қарайтын болсақ, барлық өңірдің де нәтижесінің жақсарғанын көріп отырмыз. Бірінші орында Алматы облысының түлектері (92,6 балл, өткен жылы бұл көрсеткіш 86,7 баллды құраған). Екінші орында Астана 87,5 балл,үшінші орында Ақтөбе облысы. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары», - дейді бас ұстаз.

Оның айтуынша, ҰБТ бойынша орташа балл қала мен ауылда қатар өскен. Алайда екеуінің арасындағы 10 балл айырмашылық биыл да сақталып отыр.

«Өткен жылы қалалық жердегі орташа балл 79 болса, биыл 81,5 балл, ал ауылдық жерлердегі биылғы орташа балл 72,19 баллға жетті, былтыр бұл көрсеткіш 70,3 көлемінде еді», - дейді министр. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list