16.06.2014
«Үстіміздегі жылы 87600 бітіруші немесе олардың 95% ҰБТ тапсырды. Жүз баллдан жоғары нәтижені 13100 талапкер немесе 15% көрсетті. Айта кетерлік жайт, бұл салада өсім бар. Өткен жылы жүзден жоғары балл жинағандар 12% құраса, ол бүгінде 3%-ға артқан», - деді министр.
Оның айтуынша, максималды 125 ұпайды 4 оқушы иеленсе, 402 сұрақ бойынша апелляцию берілген. Бүгінде оның 64 қанағаттандырылды.
«Ал, сынақтан өту 50 баллды 20200 талапкер немесе 23% жинай алмаған. Бұл салада да оң көрсеткіш бар десек болады. Өткен жылы өту балын 27,5 мың оқушы немесе 28% жинай алмаған. Демек, көрсеткіш 5%-ға жақсарды», - деді А. Сәрінжіпов.
Жалпы, онын хабарлауынша республикамызда орташа балл 2, 4 баллға артты.
«Бұл көрсеткішті біз ҰБТ-ға дайындықтың жақсарғанынының дәлелі ретінде қарастырудамыз. Егер, өткен жылы орташа балл 74,5 баллды құраса, биыл ол еліміз бойынша 76,9-ға жетті», - деп ол атап өтті.
Мадина Нұрбекова