10.06.2014
Жоспар бойынша мектеп құрылысы 1 қыркүйекте аяқталуы тиіс, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда Астанада №41 көше қиылысы ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы аяқталды және Л.Мирзоян көшесінде тағы бір білім ошағының құрылысы жүргізілуде.
Ш.Қалдыаяқов көшесінің оңтүстігіндегі №50 көше ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы,Жұмабаев көшесінің шығысы мен Сарайшық көшесінің оңтүстік бөлігінде орналасқан 1200 орындық мектеп құрылысы - пайдалануға беру уақыты 2014 жыл 1 тамыз,Есіл өзенінің сол жағалауында және т.б аудандарды құрылыс жұмыстары жүруде.