03.06.2014
Осы шара барысында облысымызда жастар үшін жасалып жатқан игі істердің бірі - үздік студенттерге жыл сайын тағайындалатын облыс әкімінің стипендиясын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Биылғы жылы облыс әкімінің стипендиясы облыстың және оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласып, оқуда үздік көрсеткіштерімен ерекшеленген талантты да дарынды жоғары оқу орындарының 183 студентіне және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының 114 студентіне тапсырылды.
Форум аясында сондай-ақ «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының X еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды.