20.05.2014
Айта кету керек, №1 мектеп мекемені қаржыландырудың жаңа механизмінің қанатқақты жобасын енгізеді.
«Биылғы оқу жылынан бастап аталмыш бастаманы енгізу білім беру жүйесіне жаңа серпін бермек. Жаңа жүйе ұйым жетекшілерінің мекеме қаражатын тиімді пайдаланудағы жауапкершілікті арттырып, оны мектеп қажеттілігіне пайдалануда барынша ашықтықты қамтамасыз етеді», - дейді Ж.Мұқанова.
Оның айтуынша, жан басын қаржыландыру кестесі бәрінен бұрын мектептер арасындағы білім беруге бөлінетін қаражатты тиімді бөлуге жол ашпақ. Осы мақсатта «қаржы оқулыққа жұмсалады» формуласы қоданылуда.
«Сөзсіз, мектептер арасында бәсекелестіктің пайда болары анық. Бұл өз кезегінде көптеген игі бастамаларға мұрындық болмақ. Енді білім беру мекемелерінің жетекшілері мен ұстаздарының жұмысы жемісті бола түспек. Нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі де арта түседі», - дейді мектеп директоры.