10.02.2015
«Халыққа онкологиялық аурулардың 40% салауатты өмір салтын ұстану арқылы жеңуге болатынын жеткізу керек. Сондықтанда дертке шалдықтыратын себептерді бірінші болып жою керек», - деп мәлімдеді Ж.Баттакова.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, аталмыш он күндіктің мақсаты халықтың алдын алу шаралары туралы ақараттануын қамтамасыз ету және осы масатта аймақтарға 28 млн-ға жуық түрлі ақпараттық-насихаттық материалдар жөнелтілді. «Жалпы адамның өз әдетін өзгертуі маңызды, ол салауатты өмір сүруге талпыну керек. Бұл оңайлықпен келмейтін шаруа, ол үшін жылдар керек», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, шара барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАК) және онкодиспансерлерде ашық есік күндері өткізіліп, нәтижесінде алдын ала мәліметтер бойынша 120 мың адам бейінді мамандардан медициналық тексеруден өтіп, 40 мыңнан аса адам кеңес алды. Сондай-ақ, онкүндік шеңберінде МСАК ұйымдарының 11,2 мың қызметкеріне онкологиялық қырағылық және қатерлі ісік ауруларының алдын алу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
Ж. Баттакова атап өткендей, белсенді жұмысты арнайы Денсаулық мектептері жүргізуде. «Дәл осы жерде ауруға шалдықтыратын тәуекелдерді алдын алу бойынша интерактивті семинарлар өткізіледі», - деп түйді ол.