10.02.2015
«2010 жылдан бастап онкологиялық қызмет бюджеті 9,5 млрд теңгені құрады. Бүгінде бұл бюджет 32 млрд теңгеге жетті. Мамандандырылған емдеу тұңғыш рет 50 пайыздан 86,5 пайызғ көтерілді. Дәрілік қажеттілік 82 пайызға орындалды», - деді Қ.Нұрғазиев.
Сонымен қатар, науқастар санының артуына қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға бағытталған 6 скринингтік бағдарламаның іске асырылуы себеп болып отыр.
«Скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісік ауруларының алдын алуда және ерте анықтауда барынша тиімді әдіс болып табылады. Бүгінгі таңда отандық денсаулық сақтау ұйымдары ауруы ерте кезеңде анықталған науқасты дертінен айықтыруға қажетті озық технологияларға ие», - деді ол.
Обырды ерте анықтау нәтижесінде елімізде қатерлік ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 94,0 құрады (2013 жылы – 99,49).
Индира Қауметова