• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша дәрігерлік амбулатория ашылды 11.12.2014

Жаңа амбулатория «100 мектеп, 100 аурухана» және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде салынды. Медицина мекемесінің құрылысына республикалық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді.

«Құрылыс жұмыстарын «Ақсай» бас мердігері мен «Қарасай құрылыс» бірлескен мердігер компаниялары биылғы жылдың маусым айында бастаған болатын. Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы – 49 мың шаршы метр. Ғимарат барлық халықаралық талаптарға сай салынған. Жаңа амбулаторияда 6 дәрігер, 23 медбике жұмыс істейді», - делінген хабарламада.  

Амбулатория жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған, әсіресе стоматология бөлмесінің жабдықталуына ерекше мән берілген. 

Мұнда процедуралық бөлме, терапевт, педиатр, хирург, стоатолог, кабинеттері, сол сияқты қабылдау бөлімі мен күндізгі стационар да бар. 


Back to the list