23.11.2014
«Жиын барысында «ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жайы талқыланды. Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламалары жалғасатыны атап көрсетілгені белгілі», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова жиынға қатысушылардың назарын денсаулық сақтау жүйесіндегі бірқатар өзекті мәселелерге аударды. Біріншіден, денсаулық сақтау ұйымдары жетекшілерінің менеджмент деңгейін арттыру керек. Соңғы 3 жылда елімізде 7 мыңнан астам денсаулық сақтау менеджері оқытылды.
Ведомстводан толықтырып өткендей, денсаулық сақтау жүйесіне жергілікті жерлерде сауатты және мінсіз басқара алатын қазіргі заманға сай білікті ұйымдастырушылар қажет. Ал олардың қызметтерінің тиімділігі медициналық қызметтер сапасымен, медициналық қызметкерлерді ынталандыруымен, оның ішінде сараланған еңбекақы жүйесімен өлшенуі тиіс. Осыған орай Министрлік медициналық ұйымдардың бірінші жетекшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірледі. «Жергілікті атқарушы органдар медициналық ұйымдардың басшыларын тағайындаған кезде ол талаптарға атүсті қарамауы керек, өйткені мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы көп жағдайда солардың біліктілік деңгейіне байланысты»,-деді ол.
Жиында медициналық жоғары оқу орындары түлектерін жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда Салидат Қайырбекова Министрлік пен өңірлер арасында қол қойылған Келісімде жас мамандарға барлық тиісті жағдайлар жасалу керектігі көрсетілгенін еске салып өтті.