• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне орай Астанада алдын алу шаралары өткізіледі 12.11.2014

Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күнінің мақсаты – осы сырқат түрі туралы халыққа кеңінен мәлімет беру.

№5 қалалық емханасында 1, 2 топтық қант диабеті пациенттері мен қатерлі топқа арналған «Диабетті жеңіп өмір сүру» ұранымен Ашық есік күні өтеді. Шара аясында емхана аумағында флешмоб ұйымдастырылмақ.

Қала тұрғындары осы уақытта қандағы қант деңгейін өлшеп, дәрігер эндокринологтар мен терапевтерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болмақ. Әрбір азамат диагностика, қант диабеті мен оның алдын алу бойынша көкейінде жүрген сауалдарға жауап алмақ.  

ДСҰ бағалауынша, миокард инфаркты және инсультке, онкологиялық және созылмалы тыныс алу сырқаттарына қатысты жүрек-қан тамыр сырқаттары инфекциялы емес негізгі төрт сырқаттың бірі болып табылады.


Back to the list