• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің автопаркі 50 жаңа  автокөлікпен толықты (Фото) 05.11.2014

«Денсаулық сақтау саласын дамытуда өңірімізде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соңғы 2 жылда бұл  саланы қаржыландыру 61,5 пайызға өсті. Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасқа жетті,  ана  мен бала өлімі 30 пайызға азайды. Биылдың өзінде бірнеше медициналық жаңа нысандар іске қосылып,  200 орындық «Ана мен бала» орталығы, 13 дәрігерлік амбулатория, 2 аудандық емхана ел игілігіне берілді. Бұл медициналық мекемелерге осы жаңа автокөліктер толыққанды қызмет ететін болады»,- деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облысқа 75 автокөлік жеткізілді. Қараша айының соңына дейін  санитарлық авиацияны жандандыру мақсатында аса қымбат медициналық құрылғылармен жабдықталған жол талғамайтын көлігі және қалған 16 санавтокөліктер әкелініп, өз жұмыстарын бастамақ.   

Сонымен, жылдың соңына дейін облыстық денсаулық сақтау саласы 100 пайыз медициналық автокөлікпен қамтылады.


Back to the list